top of page

«Өлең – өмір, өлең - өнер» атты әдеби  шолу өткізілді.



Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ ССР Мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, поэзияның майталманы, публицист, сыншы, драматург Қ.Мырзалиевтың туғанына 85 жыл толу мерейтойына орай Тағылы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 23.01.2020 жылы «Өлең – өмір, өлең - өнер» атты әдеби шолу өткізілді. Ақын,әрі жазушы Қадыр Мырзалиевтің өмірі мен шығармашылығын көпшілік қауымға насихаттау, ақынның балаларға арналған шығармаларын таныстырып, мәнін ұғындырып, жатқа айтуға үйрету мақсатында ұйымдастырылған шараға Абай орта мектебінің 8-сынып оқушылары қатысты. Серік Аружан «Өмірдің өзі қызық - ақ», Есенгелді Ақбота «Мың жұлдызы бар

болса да», Каримова Асия «Қыр қазағы», Қазкен Жанасыл «Ана тілің – арың бұл» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сынып жетекшісі Естаева Жайнар «Қадыр Мырзалиев тек ақын емес, ол қазақ әдебиетінде проза драма, комедия жанрында көптеген шығармалар жазған.Сонымен қазақ әдебиетіне үлкен үлес қосқан түлға, қанша қиыншылық көрсе мойымай, жетістікке жеткен» деп айтып өтті. «Қазақ жырының Қадыры» атты бейнефильм көрсетілді. «Сырлы сөздің шебері» атты кітап көрмесімен танысты.


Избранные посты
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Тегов пока нет.
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page